ҰҚШҰ-ның тұрақты кеңесіне Марат Сыздықов жетекшілік етеді

Ол 2022 жылдан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

Sarbaz.kz редакторы
10/01/2024 - 22:18

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Марат Сыздықов ҰҚШҰ тұрақты кеңесіне жетекшілік етеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ұйымның ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Ұйымға төрағалық етудің Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына өтуіне байланысты ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Марат Зеникенұлы Сыздықов төрағаның лауазымын иеленді», - делінген хабарламада.

Марат Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын,

2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Қызметі:

  • 1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі.
  • 1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы.
  • 1998-1999 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • 1999-2002 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі.
  • 2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.
  • 2010-2014 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2022 жылдан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94