Былтыр 1500 әскери міндетті әскери жиындарға қатысқан
Биыл әскери жиындарға 3 000 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында 23 қаңтарға дейін жарияланған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 2024 жылы 3 000 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын», - делінген бұйрық мәтінінде.
Sarbaz.kz өткен жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға қатысқанын хабарлаған. Әскери міндеттілердің қатысуымен өтетін әскери жиындардың негізгі мақсаты – практикалық дағдыларды оқыту және жетілдіру, әскери даярлықтың талап етілетін деңгейін және әскери міндеттілердің жауынгерлік дайындығын қолдау.
Әскери міндетті азамат – әскери мамандығы бар, бірақ мерзімді әскери қызметтен запасқа шығарылған. Ол әскери комиссариатта есепте тұрады.
Әскери міндеттілердің запаста болуының шекті жасы: