Әскерде жүріп, жарты жылда танкист мамандығын меңгерген сарбаз

Танк-72 ұрыс машинасымен дайындалып жүр

Sarbaz.kz редакторы
08/01/2024 - 22:15

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз Әзиз Оралов жарты жыл ішінде Т-72 танкінің зеңбірекші-операторы мамандығын меңгеріп, айбарлы жауынгерлік машина экипажының толық мүшесіне айналды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Отан алдындағы борышымды «Аягөз» горнизонында танк әскери бөлімінде атқарып жүрмін. Дәл қазір Майлин полигонында Танк-72 ұрыс машинасымен дайындалып жүрміз. Бұл жерде танктің нысанаға дөп тиюі тікелей менің жауапкершілігімде. Себебі бұл танк экипажында мен көздеуші оператормын», - деді қатардағы жауынгер Әзиз Оралов.

Сөзін жалғай отырып, жаттығу барысында бәрін жоғары деңгейде орындап шыққанын мәлім етті.

«Бүгін маған берілген міндеттерді толық орындадым. Ал командирімнен жақсы деген баға алдым. Мен танкист болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан Республикасына қызмет етемін», - дейді.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43