Абай гарнизонының үздік жауынгерлері анықталды

Техниканы қысқы жағдайда пайдалануға даярлау барысында ынта-жігері, белсенділігі ескерілді

Нұрдәулет Кәкіш
08/01/2024 - 16:58

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов өткен оқу жылында ерекшеленген үздік жауынгерлерді марапаттады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Абай гарнизонындағы 44736 әскери бөлімі 2023 оқу жылының қару-жарақ және әскери техниканың қысқы мерзімге пайдаланудағы дайындық қорытындысы бойынша ерекшеленген.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов аталмыш әскери бөлімге арнайы барып, өз ісіне шынайы берілгені үшін әскери қызметшілерге алғыс айтты.

«Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жоғары нәтиже мен өз машықтарыңды көрсеттіңдер. Алдағы уақытта да шеберліктеріңізді арттыруларыңыз қажет. Жауынгерлік әзірлікті үздіксіз арттыру және дамыту басты міндет», - деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтің атынан 2023 оқу жылының қару-жарақ және әскери техниканың қысқы мерзімге пайдаланудағы дайындық қорытындысы бойынша әскери бөлімдер арасынан 44736 әскери бөлімі марапатталды.

Сондай-ақ, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтің атынан қару-жарақ және әскери техниканы қысқы жағдайда пайдалануға даярлау барысында ынта-жігері, белсенділігі және жауапкершілігі үшін кіші сержант Әлібек Рамазанов марапатталды. Бұған қоса әскери бөлімдер арасынан үздіктер қатарынан табылған 44736 әскери бөлімінің 3 сыныпты сержанты Нұртас Жалелов атаулы қолсағатпен марапатталды.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02