Максим Рожин 28237 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті

Мәжіліс депутаты казарманың жағдайын өз көзімен көрді

Админ
05/01/2024 - 23:21

Мәжіліс депутаты Максим Рожин Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ҚР ТЖМ-ның Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөліміне барып, әскери қызметшілердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

28237 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бағлан Кенбейлов депутат Максим Рожинге әскери бөлімнің қызметтік іс-әрекеттері мен қазіргі жағдайы және болашақтағы жоспарлары туралы айтты.

Әскери бөлімнің апаттық-құтқару құралдарын, арнайы техникалары қарап шыққан соң Максим Рожин әскери киім-кешектері мен сарбаздардың казармалық үй-жайларының жағдайымен танысып шықты. Әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Жеке құрамға еліміздегі құтқарушылардың әлеуметтік қамтылуы туралы айтқан Рожин бұл ретте заң жобасының әзірленіп жатқанын тілге тиек етті.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93