Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды

Офицерлері мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді

Админ
04/01/2024 - 18:43

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2024 жылғы  жаңа оқу кезеңі  басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс-шара барысында қолбасшылық басқармасының офицерлері мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді. Алғашқы сабақты  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев  жүргізді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан  біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту», - деді Жұмағалиев. 

Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын  қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарын өтіп жатыр.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85