Жаңа жылда кезекшілікте болған әскери қызметшілер мерекені қалай тойлады?

Министрлік кезекшілікке түсетін әскери қызметшілерді Жаңа жылмен құттықтады

Админ
01/01/2024 - 19:36

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Өткен жылдың соңғы күнінде Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтің сарбаздары үшін жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

68665 әскери бөлімінің кезекшіліктегі әскери қызметшілерін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов құттықтап келді. Ол сарбаздарға зор денсаулық, тамаша көңіл-күй және жауынгерлік дайындықта жетістіктер тіледі. 

68665 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін қолбасшылық құттықтаулар мен музыкалық нөмірлерден тұратын жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. 

Өткен жылы сіздердің әскери бөлімдеріңіз бөлімшелер мен басқару органдары үйлесімділігінің жақсы деңгейін көрсетті. Әскери-есептік мамандықта білімдеріңді жетілдіріп, жаңа дағдыларды игере беріңіздер. Сіздерге осы жетістікті жалғастырып, жоғары нәтижелерге жеткізуде қарқынды қызмет тілеймін, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов өз бейне құттықтауында.

Бөлімше командирлері туған үйлерінен жырақтағы сарбаздар үшін жаңа жылдық атмосфера қалыптастыруға тырысты. Шыршадан бөлек мерекелік дастархан жайылып, дәстүрлі жаңа жылдық тағам түрлері қойылды. 

Алдағы жыл жауынгерлік атыстарға, роталық және батальондық тактикалық оқу-жаттығуларға толы болмақ. Сіздерге әскери істі игеруде табыс тілеймін. Ұйымшылдықтың арқасында біздің әскери ұжым жауынгерлік дайындықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенімдімін. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесіміз болады, – деп атап өтті 68665 әскери бөлімінің командирі подполковник Абай Әлібеков. 

Мерекелік іс-шара Аяз ата мен Ақшақарсыз өткен жоқ. Жаңа жылдық әндер шырқалып, «Сарыарқа» күйі орындалды. Ойын-сауық бағдарламасына КТК командаларының ойындары, түрлі конкурстар, викториналар мен жарыстары кірді. 

Жеке құрам Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теледидардан жасаған құттықтауын ерекше ықыласпен тыңдады. 

Мереке аясында бөлім қолбасшылығы мен әріптестері мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Жарқын Мамытбекті туған күнімен құттықтады. Оған полковник Ермиян Бятов Құрлық әскерлері бас қолбасшысының атынан қол сағат сыйлады. Туған күн иесі бейнебайланыс арқылы ата-анасымен сөйлесіп, оларды жаңа жылмен құттықтады. 

Мерекелік кеш концертке ұласып, жауынгерлер туыстарымен видеобайланысқа шықты.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41