Әскерден босатылуы үшін жалған анықтама жасаған азаматтардың әрекеті әшкереленді – вице-министр

10 санат бойынша әскерден босатылады

Нұрдәулет Кәкіш
27/07/2023 - 21:22

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бірқатар азаматтың өзін студент ретінде көрсетіп, әскерден уақытша босатылуы үшін жалған анықтама өткізгені анықталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Түрлі себепке байланысты 10 санат әскерден уақытша босатылуға жатады. Оның басым көпшілігі – студенттер. Олардың саны шамамен 300 мыңнан асады. Бұған дейін олар egov порталы арқылы тапсыратын немесе оқу орнынан құжат жинап, Қорғаныс басқармаларына барып, өздерінің студент екенін дәлелдейтін. Алайда олар өздерінің қаншама уақытын жұмсап, Қорғаныс басқармалар қызметкерлерінің де уақытын алатын. Енді бұл формат жеңілдетіліп, Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, проактивті формат енгізілді. Биыл іштей оқитын студенттерге оқу бітіргенше әскерден босатылғаны туралы смс-хаттар жолданды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұған дейін әскерден уақытша босатылуға жалған анықтамалар жасалғаны туралы белгілі болған.

«Белгілі бір мөлшердегі сыйақыға жалған анықтамалар жасалғаны анықталып, заңға қайшы іс құзырлы органдарға жолданды. Қазіргі уақытта осы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар бір адамның бір мезгілде екі оқу орнында оқып жатқаны туралы фактілер де тіркелді. Яғни заң бойынша аттестаттың түпнұсқасы тек бір оқу орнына ғана өткізілуі тиіс. Алайда кейбір адамның екі оқу орнында қатар оқып жүргені анықталды. Осы жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргіздік. Аталған министрлік осыған қатысты арнайы шара қолданды», - деді Дархан Ахмедиев.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85