Аяз ата мен Ақшақар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

Мамандардың сөзінше, жаңа жыл қарсаңында өрт саны әдеттегіден бірнеше есеге артады

Нұрдәулет Кәкіш
28/12/2023 - 21:15

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласы ТЖБ қызметкерлері Аяз ата және Ақшақар ретінде балаларды қуантты. Жеке секторлардағы үйлерге барған ТЖБ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдары туралы ескертті, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, жаңа жыл қарсаңында өрт саны әдеттегіден бірнеше есеге артады.

ТЖБ қызметкерлері шыршаларды орнату және гирляндаларды пайдалану ережелері туралы түсіндірді.

«Жарықтандыруды түнде немесе үйде ешкім болмаған кезде қалдыруға болмайды», - деді мамандар.

Сонымен қатар олар жұмыс істейтін розеткалар мен ұзартқыш сымдарды пайдалану маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарға отшашуларды ұшыру бойынша қауіпсіздік ережелері туралы да айтылды.

Аяз ата мен Ақшақар балаларды мен ересектерді де сыйлықсыз қалдырмады. Балалар тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетті.  

ТЖБ қызметкерлері түтін тараған жағдайда іске қосылатын көміртегі тотығы датчиктерін орнатты.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43