«Алан-2» көлігі радиациялық-биологиялық барлау жүргізуге арналған

ТЖМ әскери бөлімдеріне берілген бұл көліктің корпусы толықтай брондалған

Нұрдәулет Кәкіш
28/12/2023 - 19:54

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген «Алан-2» радиациялық, химиялық, биологиялық барлау арнайы машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы машина радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды, мониторингті, аумақтар мен нысандарға РХБ бақылау жүргізуге арналған.

Машинаның корпусы толығымен брондалған, герметикалық, бұл жеке құрам мен жабдықты соққы толқыны, құлаған қоқыстар, аймақтың РХБ ластануы сияқты басқа да техногендік апаттардың әсер ету факторларынан қорғауға мүмкіндік береді.

«Алан-2» навигация, түнгі көру, бейнебақылау, жарықтандыру, өрт сөндіру, жылыту, желдету жүйелерімен және сүзгі желдеткіш қондырғысымен жабдықталған.

Кешеннің арнайы жабдықтарының басты артықшылығы – барлық аспапты бірыңғай автоматтандырылған жүйеге біріктірілуінде. Бұл радиациялық, химиялық және биологиялық қауіп туралы анықталған ақпараттың жеделдігін, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Арнайы құрал-жабдықпен жарақтандырылған:

- биологиялық барлау құралы - ауадағы ықтимал зиянды биологиялық бөлшектерді үздіксіз бақылауға, биологиялық қауіптің, соның ішінде бактериялардың, вирустардың, риккетсия қоздырғыштарының және токсиндердің анықталуы туралы ескертуге арналған;

- химиялық барлау детекторы - жауынгерлік улы заттар мен токсинді өнеркәсіптік химиялық заттарды анықтауға, классификациялауға арналған;

- радиация детекторы - арнайы машинаның ішіндегі гамма және радиациялық фонды анықтау және бақылау үшін;

- автоматты борттық метеокешен - метеодеректерді жинауға арналған;

- мастер модуль - барлау деректерін жинауға, өңдеуге және талдауға, дыбыстық және жарық сигналын беруге арналған;

- бағдарламалық жасақтамасы бар дербес қорғалған компьютер;

- қоршау белгілерін орнатудың автоматты жүйесі - инфекция аймақтарының шекараларын белгілеу.

ҚР ТЖМ мәліметінше, орнатылған құрал-жабдық заманауи талаптарға сай келеді.

Бүгінгі таңда арнайы машина зауыттық сынақтардан өтті. Енді ТЖМ әскери бөлімдерінің базаларында тәжірибеден өткізу жоспарланып отыр.

Келесі жылы тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдерінің техника паркін толықтырады деп күтілуде.

Міндеттердің ерекшелігіне байланысты арнайы машиналарды елдің басқа күштік құрылымдары да қолдана алады.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02