Жаңа жыл әскерилерше: жауынгерлер оқ өтпейтін кеудешемен және Калашников автоматтарымен 24 км жүгірді

Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері жаңа жыл қарсаңында челлендж ұйымдастырды

Админ
28/12/2023 - 15:36

Фото: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Фото: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Қазақстандағы теңіз жаяу әскерлерінің жалғыз бригадасы жаңа жыл қарсаңында челлендж жариялап, үстіне бронды кеудеше киіп, Калашников автоматтарын асынған мыңнан аса әскери қызметші 24 км жүгірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер әскери бөлімнен Ақтау-Ералы тас жолының бойындағы «Оймаша» полигоны бағытында жүгірді. Спорттық науқанның мақсаты – Қазақстан әскери күштерінің күші мен төзімділігін көрсету, сондай-ақ осылайша жаңа жылдың жақындағанын атап өту. Жүгірушілер қатарында тек сарбаздар ғана емес, сонымен қатар сержанттар мен офицерлер де болды.

«Атап айтқанда, мен мұндай ауқымды іс-шараға бірінші рет қатыстым. 24 шақырым толық құрал-жабдықпен және қарумен жүгірдік. Әрине, қысқа қашықтық емес, бірақ біз бір-бірімізге қолдау көрсете жүріп, толық құрамда орындадық. Біздің бригада әрдайым жауынгерлік дайындықта болуы керек. Сондықтан бізде барлық мерекелік іс-шаралар спорттық форматта өтеді. Челленджді еліміздің басқа да әскери қызметшілері қолдайды деп үміттенеміз», - деді мерзімді қызмет сарбазы, гвардия шабуыл батальоны бөлімшесінің командирі, кіші сержант Ризат Кеңес.

Жаңа жылдық жарыс эстафетасын қара береттер Астана маңында орналасқан 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасына жолдады. Онда қысқа мерзімде елдің кез келген аймағында бола алатын жоғары кәсіби жауынгерлер қызмет етеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93