Әскерде болмағандар резервте қызмет ете ала ма – вице-министр жауабы

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Sarbaz.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді

Ануар Маратов
26/12/2023 - 23:41

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Әскерде болмағандар да резервте қызмет ете алады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Осы Заң жобасында резервте мерзімді әскери қызметтен өтпеген азаматтардың да тартылуы көзделген. Олар белгілі бір мамандықтар бойынша дайындалады», - деді Сұлтан Камалетдинов Sarbaz.kz тілшісіне.

Резервтегі әскери міндеттілер туралы заң жобасы 2023 жылдың қараша айында ұсынылған болатын. Енді осы заң аясында 2025 жылы Қазақстан бойынша 2 мың азамат резервке тартылады.

Сонымен қатар вице-министр резервтегі қызмет Қарулы күштерді толықтырудың қосымша жедел әдісі ретінде қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің қарулы күштердегі үлесі 70% құрайды.

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43