«Сарбаздар арасында кикілжің болуы мүмкін»: министрлік әскердегі әлімжеттікке қатысты жауап берді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов жұртшылықтың Қазақстан армиясына көзқарасының өзгергенін мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш
26/12/2023 - 22:14

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан армиясына жұртшылықтың көзқарасы жақсарды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

«Былтыр көктемгі мерзімді әскерге шақыру кезінде армияға деген жағымсыз пікірлер көп болатын. Биыл күздегі шақыру кезінде мұндай жағымсыз пікірлер айтарлықтай азайды. Себебі әскерден кейін сарбаздардың мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түсуге және басқа да мүмкіндіктер қарастырылды», - деді тілшілердің сауалына жауап берген вице-министр.

Сонымен қатар брифинг барысында Қорғаныс министрлігігінің баспасөз хатшысы, подполковник Руслан Жангурин тілшілердің әскердегі әлімжеттікпен күрес жөніндегі сұрағына жауап берді.

«Қазіргі таңда әлімжеттік деген ұғым жоқ. Әрине, ер азаматтар ұжымы болған соң сарбаздардың арасында қандай да бір кикілжің болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдайлар әскери бөлімдердің қолбасшылықтары, командирлері тарапынан қатаң қадағаланады. Егер ондай жағдай орын алған болса, әскери полиция жұмыс жүргізеді», - деді ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93