ҰҚШҰ келер жылы Қазақстанда бірлескен жауынгерлік жаттығу өткізеді

Бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді

Sarbaz.kz редакторы
22/12/2023 - 16:53

Фото: XINHUA/GLOBAL LOOK PRESS

Фото: XINHUA/GLOBAL LOOK PRESS

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) алдағы 2024 жылға жеті бірлескен жауынгерлік жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Asia-today ақпараты бойынша.news.

Оқу-жаттығу төрт елдің – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Парламенттік Ассамблеяның (ПА) 16-шы пленарлық отырысында мәлімдеді.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының басшысы Махмадтоир Зокиров ҰҚШҰ-ны қауіп-қатерге қарсы тұру үшін Оңтүстік шекараларда қауіпсіздікті нығайтуға шақырды. Оның айтуынша, ұйымға кіретін елдер әскери саладағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруы, оның ішінде террористік топтардың енуіне, есірткі саудасына, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың сын-тегеуріндеріне қарсы тұруы тиіс.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ елдері үшін әлі де терроризм мен экстремизм, киберқылмыс және есірткінің заңсыз айналымы елеулі қауіп төндіреді.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85