Сарбаздарды медициналық куәландыру процесін цифрландыру жұмысы басталды

Жұмыс тобы оны одан әрі көбейту үшін дайындық хаттамасын жасауды жоспарлап отыр

Sarbaz.kz редакторы
15/12/2023 - 17:46

Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық куәландыру процестерін цифрландыру бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының базасында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру процестерін цифрландыру бойынша пилотты өткізу ұйымдастырылды.

Пилот 2023 жылғы 10 қараша мен 29 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК тарта отырып өткізіледі.

Пилоттың қорытындысы бойынша жұмыс тобы оны одан әрі көбейту үшін дайындық хаттамасын жасауды жоспарлап отыр.

Осы бағытта цифрландыруды енгізу медициналық комиссияның бизнес-процесін бақылауды автоматтандырады, электрондық медициналық жазбаларды пайдалануға, медициналық комиссияның дәрігер-мамандары мен медициналық мекемелер арасында медициналық ақпарат алмасуға мүмкіндік береді, әскерге шақырылушының жарамдылық дәрежесін диагностикалау және бағалау процесін автоматтандырады, бұл өз кезегінде азаматтардың қанағаттануын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Тегтер

×

Редакция

$ 524.65  552.19  5.14