Приозерск әскери қызметшілері аса қауіпті жағдайда газтұмылдырығын тексерді

Әскери қызметшілер шатырға газқағарлармен кірген соң оларды медициналық қызметкерлер дереу тексереді

Sarbaz.kz редакторы
15/12/2023 - 17:53

Приозерск қаласындағы әскери бөлімнің әскери қызметшілері газқағарларды сынақтан өткізді. Жауынгерлер арнайы дайындалған шатырға кірді, деп радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастығы аға лейтенант Сейдікәрім Нұрасылқожа мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бұл әрбір әскери бөлім мен бөлімшеде 2023-2024 қысқы оқу-жаттығу кезеңіне жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оның аясында радиациалық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелермен газ тұмшаларды шақтап пішу, техникалық жай-күйін анықтау және бекітіп беру қарастырылған», - деп бөлісті спикер.

Әскери қызметшілер шатырға газқағарлармен кірген соң оларды медициналық қызметкерлер дереу тексереді. Іс-шара қорытындысы бойынша жарақта кемшіліктер анықталған жоқ, деп қорытындылады аға лейтенант Нұрасылқожа Сейдікәрім.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02