Сеулден алған білімімді елдің өркендеуіне арнағым келеді – қатардағы жауынгер

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Есхат Бауыржан ел тәуелсіздігі жайында пікір білдірді 

Нұрдәулет Кәкіш
14/12/2023 - 21:47

«Жастар  үшін  келешекке  жүктелер  міндет  өте  жауапты». Сеул қаласындағы Шуй Джоу технологиялық университетінің түлегі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Есхат Бауыржан ел тәуелсіздігі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.  

«Тәуелсіз  Қазақстанның  жастары  үшін  келешекке  жүктелер  міндет  те өте  жауапты. Өйткені әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылып,  ХХІ ғасырдың төріне шығару – біздің  алдымызға  қойылған міндет әрі  ұлттың намысына сын. Сондықтан  Отан алдындағы борышымды өткеріп болған соң,  инженер мамандығы бойынша қызмет етіп, еліміздің дамуы жолына  өз үлесімді қосқым келеді.  Еліміз үшін еңбектеніп,  халқымыз үшін қызмет істесек, бостандықтың боз ала таңының қадірін білгендігіміз  болар», - деді сарбаз. 

Болашақ инженер Сеул қаласында білім алған. 

«Мен Сеул қаласындағы Шуй Джоу технологиялық университетінде білім алдым. Білікті мамандардан игерген ілімімді күні ертең туған елімнің өркендеуіне арнасам, менен асқан бақытты жан жоқ шығар?! Жалпы, Тәуелсіздік мерекесін жас ұрпақ жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры  ол білімді жастар деп ойлаймын», - деді Есхат.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41