Қонаевта әскерге шақырылған десантшылар жауынгерлік дайындықты бастады

Сабақтар оқу-әдістемелік және көрнекі құралдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, оқу сыныптарында және полигондарда өткізіледі

Админ
14/12/2023 - 18:57

32363 әскери бөлімінде әскери қызметшілерді оқытудың бірінші кезеңі мамандық бойынша дайындық басталды. Әр оқу кезеңінің басында өткізілетін дайындық әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл – әскерге енді шақырылғандар үшін өте маңызды кезең. Бұдан кейін олар армия қызметіне дайындалған сарбаз болып қалыптасады.

Мұндағы негізгі мақсат – функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерттеу.

Бір дайындық бір ай ішінде тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілік етуімен әскери бөлімде жүргізіледі. Сабақтар оқу-әдістемелік және көрнекі құралдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, оқу сыныптарында және полигондарда өткізіледі.

«Мамандығы бойынша жеке дайындық сабақтары өткізіледі. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын одан әрі жүзеге асыру үшін өзіміздің штаттық қару-жарақтарымызды, жауынгерлік машиналарымызды, техникалық құралдарымызды зерделеп жатырмыз», - деді 32363 әскери бөлімінің сержант-нұсқаушысы Марат Әликешев.

Әскери техниканы пайдалануға кіріспес бұрын, әскерге шақырылушылар заманауи тренажерлер мен автоматтандырылған оқу-жаттығу орындары оқу процесін нақты жауынгерлік жағдайға барынша жақындатуға мүмкіндік беретін оқу сыныптарында даярлықтан өтеді.

Оқудан кейін әскери қызметшілер бақылау сабақтары барысында сынақтар тапсырады. Соның нәтижелері бойынша штаттық техника мен қару-жарақ қолданатын болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02