«Олар БҰҰ-ның бақылау күштерінің құрамында болады»: қазақстандық бітімгерлерді Голан шыңдарына жіберу туралы

Бітімгерлерді Голан биіктеріне жіберу жоспары Израильдегі жағдайға байланысты қалай жүзеге асырылуы мүмкін?

Ануар Маратов
12/12/2023 - 20:59

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Кеше Sarbaz.kz Сириядағы Голан шыңдарына Қазақстан бітімгерлерінің жөнелту жоспарда бар екені туралы ақпарат таратқан. Осы орайда ҚР ҚМ бітімгершілік операциялар орталығының баспасөз қызметіне осы мәселеге қатысты бірнеше сауалмен жүгіндік.

ҚР ҚМ бітімгершілік операциялар орталығының баспасөз қызметінің аға офицері майор Олег Буланов бітімгерлер жинайтын тәжірибеге тоқталы өтті.

Бітімгерлерді Голан биіктеріне жіберу жоспары Израильдегі жағдайға байланысты қалай жүзеге асырылуы мүмкін?

«Барлық әрекеттер БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімдері аясында іске асырылады. Олар құнды жауынгерлік тәжірибе жинайды. Көпұлтты ортада қызмет етуді үйренеді. Шет елдерде қиын климаттық жағдайларда, ахуал күрт өзгеретін жағдайларда қызмет етуді меңгереді. Қазақстан бейбітшілікті сүйетін сыртқы саясатты жүргізетіндіктен, біздің әскери қызметшілеріміздің БҰҰ қамқорлығымен бітімгершілік миссияларға қатысуы нақты жауынгерлік тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі болып саналады», – деп Буланов өз ойымен бөлісті.

Қазақстандық бітімгерлерді Голан шыдарына жіберген жағдайда, олар БҰҰ-ның бақылау күштерінің құрамында (SONNR / UNDOF) болады.

Буланов өз сөзінде бітімгерлердің негізгі тәжірибені Голливудтың киноларындағыдай қан майданның ортасында жүріп жинамайтыны атап өтті.

«Кез-келген бітімгер, қай елден шыққанына қарамастан, БҰҰ мандатына сәйкес, БҰҰ мандатын және өзін қорғауға дайын болуы керек», –  деп Буланов ойын жеткізді.

Айта кетейік, қараша айының соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильді Голан биіктерінен кетуге және 1967 жылғы шекараларға оралуға шақыратын қарарды қабылдап, Қазақстан бұл қарарды қабылдауға дауыс берген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85