Тікұшақен қарулы қылмыскерлерді іздестірді: барлау полкі арнайы операция жүргізді

Жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін арттыратын арнайы операцияға үш топ қатысты

Нұрдәулет Кәкіш
11/12/2023 - 21:53

Фото: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Фото: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Абай гарнизонындағы әскери бөлімдері жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жаңа оқу кезеңіне кірісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

Жауынгерлік дайындық апталығы аясында өңірдегі арнайы мақсатта тағайындалған барлау полкі арнайы операцияны жүзеге асырды.

Барлау полкінің командирі, подполковник Талап Бирбаланов басшылық жасаған операция Әуе базасымен бірлесе жүргізілді.

Жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін арттыратын арнайы операцияға үш топ қатысты. Олар Ми-17 тікұшағымен әуеге көтеріліп, қарулы қылмыскерлер болуы мүмкін аудандарда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кейін заңсыз қарулы топты анықтап, шабуылдау арқылы олардың көзі жойылды. Үш бірдей Ми-17 тікұшағымен әуеге көтерілген арнайы топтарға тапсырма бірдей берілді. Алайда іздестіру шараларына әртүрлі аудандар таңдалған.

«Арнайы мақсаттағы барлау полкі тапсырманы тиісті деңгейде жүзеге асырып, сыннан сүрінбей өтті. Қазақстан әскерінің кәсіби біліктілігінің жоғары болуы, сондай-ақ әрбір сарбаз бен офицердің теориялық білімімен қатар, іс жүзінде тапсырманы нақты орындай алуы – басты мақсат. Бұл – Жоғарғы Бас Қолбасшының әскерилердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі», - делінген Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41