Астанада Орталық әскери оркестрі солисінің дәріс-концерті өтті

Дәріс-концерт – сахнада дәріс пен музыкалық қойылым элементтерін біріктіретін мәдени-ағарту жұмыстың бір түрі

Админ
10/12/2023 - 18:21

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың концерт залында Орталық әскери оркестрдің солисі, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Қасымның «В объятиях музыки» атты дәріс-концерт өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Қасым – үлкен сахналарда өнер көрсетіп, ерекше талантымен елімізді әлемге танытып жүрген өнерпаз. Белгілі тележүргізуші Динара Саду әншіге қолдау көрсетіп, кешті жүргізді. Фортепиано партиясын Құралай Қанапина орындады. Концертке Әскери-патриоттық орталықтың үрмелі аспаптар оркестрі қатысты. Капитан Нұрлан Кучкаров дирижерлық етті.

Сахнадан Шәмші Қалдаяқов, Мұқан Төлебаев, Ескендір Хасанғалиев, Александр Зацепин, Франц Шуберт, Жорж Бизе, Арно Бабаджанян, Муслим Магомаев сынды композиторлардың әндері орындалды.

Дәріс-концерт – сахнада дәріс пен музыкалық қойылым элементтерін біріктіретін мәдени-ағарту жұмыстың бір түрі. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың концерт залында өткен ән кеші өнерсүйер қауым үшін қызықты оқиға болғаны сөзсіз.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41