«Дабыл, соғыстық жағдай»: мотоатқыштар батальоны жауынгерлік әзірлікке келтірілді

Соғыстың бастапқы кезеңіндегі тойтарыс соғыстың 80 пайызына әсер етеді

Sarbaz.kz редакторы
08/12/2023 - 10:31
189
Фотолар: Видеодан скриншот
Фотолар: Видеодан скриншот

«Қабылданды! Тыңдаңыздар». Әскерде «дабыл» сөзі – жылдам және табанды іс-қимылға көшудің белгісі. Еліміздің мотоатқыштар батальонында соғыс жағдайындағы әрекеттер үйретіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Батальон командирінің айтуынша соғыстың бастапқы кезеңіндегі тойтарыс соғыстың 80 пайызына әсер етеді.

«Жауынгерлік дайындық бағдарламасының жоспарына сәйкес, әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік сабақтары өткізіліп жатыр. Бұл аптаның басты мақсаты – жеке құрамға соғыстық жағдай туғызып, командирлер мен жеке құрамды сол соғыстық жағдайда шешім қабылдауды үйрету. Бұл бастапқы кезеңнің ең маңыздысы деп айтуға болады. Себебі, соғыстың бастапқы кезеңінде әскерлер қарсыласқа қалай тойтарыс бере алса, соғыстың болашақ 80 пайызы соған байланысты аяқталады.

Осы маңыздылықты ескере отырып, жеке құрамды машықтандырып үйретіп жатырмыз» , - дейді мотоатқыштар батальонының командирі, майор Арман Айтбаев.

Айта кетейік, осыған дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілгені хабарланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 449.88  486.64  4.83