«Әскерге келгелі сіздің қадіріңізді түсіндім»: сарбаздың әжесіне жазған хаты

«Әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп, қатал тәртіпке де үйреніп қалдым»

Нұрдәулет Кәкіш
07/12/2023 - 20:36

Sarbaz.kz оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6679 әскери бөлімінің 3 атқыштар ротасының сарбазы Сергей Векленконың әжесіне жазған хатын ұсынады.

Менің аяулы, әжем!

Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мен сізді қатты сағындым. Әскерге келгелі мен сіздің қадіріңізді түсіндім. Алыста жүрсем де, әрдайым ойымдасыз. Сізге, әрине, бір жыл бойы мені уайымдап, күту оңай емес екенін білемін. Бірақ әскерге барып, қызмет ету – менің Отан алдындағы борышым! Балалықпен қанша бұзықтық жасасам да, мені түсініп, әрқашан қолдау көрсеттіңіз. Сол үшін сізге алғысым шексіз.

Өзіме келетін болсам, менде бәрі жақсы. Әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп, қатал тәртіпке де үйреніп қалдым. Отан алдындағы борышымды адал атқарып, Сізбен аман-есен қауышамын деген сенімдемін. Әскери өмірде қызықты сәттер болатынына күмәнім жоқ.

Әскери өмірдің қызықты тұстары өте көп, саптық алаңда сап түзеп, саптық тәсілдерді үйрену, атыс алаңына барып, автоматпен оқ ату ол – бөлек сезім. Офицерлер мен сержанттар бізге әрқашан үйретіп, түсіндіріп көмектерін аямайды. Олар нағыз өз істерінің мамандары екен.

Мен Ұлттық ұланда, соның ішінде 6679 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргеніме әрқашан мақтан тұтатын боламын!

Жақсы күндерде жолыққанша.

Сәлеммен, немереңіз Сергей!

Айта кетейік, осыған дейін оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімі 1-атқыштар ротасы 1-взвод 3-бөлімше сарбазы (атқыш) қатардағы жауынгер Оканов Рыздық Оразбекұлының сүйіктісіне жазған хаты ұсынылған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91