Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер өкілдері Астанада бас қосты

ШЫҰ күн тәртібінде әскери саладағы сенім
шараларын нығайту тақырыбы қаралды

Админ
07/12/2023 - 00:17

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының XVIII отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыста Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері бас қосты. Ал Белорусь әскери сарапшылары жиынға бақылаушылар ретінде қатысты.

Жиында ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспарын іске асыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы салада кадрлар даярлау мәселелері қаралды. 

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай арасындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісімдерді іске асыру жөнінде баяндама жасады.

Естеріңізге салсақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қазақстан 2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың шілдесіне дейін төрағалық етеді. Жоспар бойынша енді кезекті отырыс Қазақстанда келесі жылдың наурыз айында өтеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85