Қазақстан мен Италияның бітімгерлері ынтымақтастығын нығайтады

Қазақстан мен Италияның бітімгерлері Турин қаласында кездесті

Sarbaz.kz редакторы
06/12/2023 - 17:56

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Италияның Турин қаласында БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары барысында бейбітшілікті сақтау бойынша сарапшылардың келіссөздері өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері қатысты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар қақтығыстан кейінгі операциялардың ерекшеліктерін талқылап, олардың атқаратын қызметінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін аспектілерге назар аударды.

– Қақтығыстардан кейінгі жағдайды шешу әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин. – Оларды шешу гуманитарлық мәселелерге байланысты болмақ, оның үстіне бұның бәрі қауіпсіздік, тұрақты даму және адам құқықтарын қорғау салаларына да әсер етеді.

Қазақстан мен Италия арасында осы салада тәжірибе алмасу қақтығыстардан кейінгі жағдайда қолданатын заманауи әдістерді түсінуді және оны қолдануды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл саладағы ынтымақтастық екі елдің бітімгерлік күшінің тиімділігін арттыруға бағытталған және жаһандық қауіпсіздікке деген ортақ ұмтылысқа сай.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85