«Астана» өңірлік қолбасшылығында оқу жылы жауынгерлік дайындық апталығынан басталды

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
06/12/2023 - 17:06

Көрнекі фото: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Көрнекі фото: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

«Астана» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінде оқу жылы жауынгерлік дайындық апталығынан басталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша әскери басқару органдарында, құраманың бөлімшелері мен мекемелерінде кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтуде.

Айта кетейік, қыстың алғашқы аптасында Қарулы Күштерде жаңа оқу кезеңі басталды. Мәселен, Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөліміне дабыл беріліп, әскери қызметшілер бөлімнің саптық алаңына жиналды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41