Қарулы күштердің жеке құрамы жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

Кезекші күштер мен құралдардың жаттығулары өткізілу үстінде

Sarbaz.kz редакторы
05/12/2023 - 17:00

Желтоқсанның 1-7 күндері Қарулы күштердің әскери басқару органдары мен құрамаларында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараларға Қарулы күштердің барлық жеке құрамы тартылған. Кезекші күштер мен құралдардың жаттығулары өткізілу үстінде.

Әскери басқару органдары мен әскерлерді дайындау басқа әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қойылған міндеттерді орындау барысында әскерлердің іс-қимылдарын ұйымдастыруда және оларды басқаруда лауазымды адамдардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Әскери қызметшілер жауынгерлік техникаға оқ-дәрілерді тиеу дағдыларын пысықтайды. Батальондар мен дивизиондар материалдық-техникалық құралдар қорымен роталық лектерді жасақтау аудандарына шығарылады. Қойылған тапсырмаларды орындау уақыты белгіленіп, әскери техниканың қалыпты жағдайы мен техникалық жай-күйі тексеріледі.

Тактикалық-саптық сабақтар барысында әскери қызметшілер басқару органдарын, бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріп, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шыға отырып, практикалық іс-қимылдарды пысықтайды.

Әскери объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігін күшейту іс-шаралары ұйымдастырылады. Әскери қауіп-қатердің өсуімен шартты түрде құрылған дағдарыс жағдайында құрамалар мен бөлімшелердің басқармаларына күндіз-түні оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау сабақтары өткізіледі. Жұмылдыру ресурстарын қабылдау пунктерін орналастыру бойынша жаттығулар ұйымдастырылады.

Жедел және жауынгерлік дайындық мәселелерін пысықтау кезінде әскери қызметшілерді міндеттерді өздігімен орындауға, оның ішінде бөлімшелердің құрамында дайындауға, алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде шебер қолдануға басты назар аударылатын болады.

Жауынгерлік дайындық апталығының қорытындысы бойынша тактикалық-саптық сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіруге бағытталған шешімдер мен ұсыныстар әзірленбек.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41