«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгінде «Жас сарбаз» фестивалі өскелең ұрпақтың арасында барынша танымал бола бастады

Админ
02/12/2023 - 21:49

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының бес жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалінің қорытынды кезеңі Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының үлкен сахнасында өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде «Жас сарбаз» фестивалі өскелең ұрпақтың арасында барынша танымал бола бастады. Музыканың сарбаздың рухын көтеріп, демалыс сыйлайтыны, әрі ұрыс алдында ерекше күш-жігер беретіні мәлім.

Өнер додасына еліміздің барлық өңірлерінен жиналған «Жас сарбаз» қозғалысының 150-ден астам тәрбиеленушісі ән айтып, күй шертіп, би билеуде өз шеберліктерін көрсете білді. Жас таланттардың өнері «Вокал», «Фольклор» номинациялары бойынша бағаланды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде «Жас сарбаз» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтаған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов:

 Біздің фестиваль жастардың бойындағы патриоттық тәрбиені дамытуға, достықты нығайтуға, талантты балалар мен музыкалық ұжымдарды қолдауға оң ықпал етеді, – деді.

Республикалық фестивальдің бас жүлдесін Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы №1 балалар мектебінің тәрбиеленушісі Ерасыл Тұрар жеңіп алды.

«Вокал» номинациясында бірінші орынды «Оңтүстік» ӨңҚ-ның 58012 әскери бөлімі жанындағы өнер ұжымының мүшесі Абылай Баратбек иеленді. Екінші орынды Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің «Жас сарбаз» хоры мен Астана қаласы № 42 орта мектебінің оқушысы Толғанай Мұқатай өзара бөлісті. Үшінші орынды Талдықорған қаласындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы

№ 25 орта мектептің оқушысы Нұржан Есболат пен «Оңтүстік» ӨңҚ-ның 03858 әскери бөлімі жанындағы өнер ұжымының мүшесі Диас Арапбаев еншіледі.

«Фольклор» номинациясы сайысында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық әскери колледждің (Астана қаласы) «Жас қыран»фольклорлық ансамблі жеңімпаз атанды. Екінші орын Орал қаласының № 41 мектеп-лицейінен келген Әлихан Мақсотқа бұйырды. Үшінші орынды «Арыстан» мамандандырылған лицейінің домбырашылар тобы мен «Астана» ӨңҚ (Приозерск қаласы) 06708 әскери бөлімінің «Әуен» домбырашылар ансамблі бөлісті.

«Арыстан» мамандандырылған лицейінің хоры мен Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылынан келген Дінмұхамед Құрметұлы үздік авторлық ән орындағаны үшін арнайы жүлделермен марапатталды.

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің өнерпазы Лунара Мұхаметқалиева, Атыраудағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушісі Руслан Жұмажан және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тобы «Көрермен көзайымы» сыйлығын иеленді.

Бұл фестивальде әрбір үміткер өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алғанына, ал олардың орындауындағы тамаша әндер армияның беделін арттыруға және әскери кәсіптің имиджін нығайтуға қызмет ететініне сенімдіміз.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41