Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Оқу жылының ұраны - «Айбынды армия – тәуелсіздік кепілі» 

Админ
02/12/2023 - 18:26

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл кезең «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 2023-2024 оқу жылына арналған жауынгерлік әзірлікті арттыру және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері» тақырыбындағы мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарынан басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты жағдайда әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерге, экипаждар мен есептоптарға қару-жарақ пен әскери техниканы бекіту рәсімі өтті. Сонымен бірге офицерлер, сержанттар мен сарбаздар жауынгерлік даярлық сабақтары мен оқу атыстары өтетін полигондарға барып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауы тиіс.

Қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі кешенді сабақтар күнделікті қызметтегі барлық аспектілерді ескере отырып, өткізілді.

Әскери тәжірибеге жүргізілген талдаулар көрсеткендей, көбіне қару-жарақ пен әскери техникамен жұмыс істеу ережелерін бұзу ауыр зардаптарға әкеліп соғады. Сондықтан біз жеке құрамға қауіпсіздік шараларын бұзудың салдарын түсіндіріп қана қоймай, іс жүзінде де көрсете отырып, үйретеміз, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері штаб бастығының орынбасары полковник Ағзам Берденов. 

Әскерлерде мұндай нұсқама жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жылына екі рет, оқудың қысқы және жазғы кезеңдерінің алдында, барлық жеке құрамның міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Сапалы өткізілген сабақтар әскери қызметшілерде нақты білім қалыптастырып, жарақаттанудың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Әдеттегідей бірінші аптада барлық құрамалар мен әскери бөлімдерде әскерлердің жауынгерлік дайындығы мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.  

Жаңа оқу кезеңінде Қарулы күштерді дайындау процесі мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ оқудың алдыңғы кезеңінде қол жеткізген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41