Сарбаз Берік Досжанұлының отбасына жазған хаты
Sarbaz.kz оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6679 әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасының 1-взводының 3-бөлімшесінің сарбазы Берік Бұланбектің отбасына жазған хатын ұсынады.
Сәлем хат!
Сәлеметсіздер ме анашым, әкешім, ағаларым және қарындасым!? Қалдарыңыз қалай? Денсаулықтарыңыз жақсы ма? Үй-жай, туыс-туған, көршілеріміздің жағдайлары қалай? Ал менде бәрі жақсы. Қарным тоқ, денсаулығым жақсы, жататын жеріміз жылы. Мен үшін алаңдамаңыздар. Әскерде жүріп көп нәрсенің қадірін түсіндім, әсіресе, сіздерді, достарымды сағынып жүрмін. Тезірек үйге оралып, сіздерді көруге асықпын.
Жақсы күндерде кездескенше, аман болыңыздар!
Сәлеммен, батыр ұлдарыңыз Берік!