Резервке алынатын әскери міндеттілердің шені өсе ме?

Зейнеткерлікке неше жаста шығады?

Нұрдәулет Кәкіш
01/12/2023 - 20:51

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Зейнеткерлікке неше жаста шығады? Бұл қызмет олардың болашақтағы зейнетақысына қандай әсері бар? Бұл туралы ҚР ҚК бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсімов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Оқу-жаттығу кезінде өзін жақсы жағынан көрсетсе, істеген жұмысына байланысты резервтегілердің де әскери шені өсіп отырады. Шен оның лауазымына қарай беріледі. Мысалы, ол қатардағы жауынгер ме, әлде сержант па? Әлбетте, резервтегілердің атқарған қызметтері олардың алдағы зейнетақысына жақсы әсер ететін болады. Олар зейнеткерлікке 63 жаста шығады», - деді ҚР ҚК бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсімов «Хабар» телеарнасындағы «Итоги» ток-шоуында.

Сонымен қатар ол оқу-жаттығу кезінде резервтегі әскери міндеттілер жарақат алса, 250 АЕК, егер қайғылы жағдай болса, 500 АЕК қарастырылатынын тілге тиек етті.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91