«Отанымның қорғаушысы болуға ант етемін!»: Астана гарнизонында жас сарбаздары Әскери ант кабылдады

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Қарулы Куштер қатарына енер алдында әскери ант қабылдауы тиіс

Sarbaz.kz редакторы
01/12/2023 - 17:33

Астана гарнизонында Әуе Қорғанысы күштері Әуе Шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44813 әскери белімінде жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант кабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жас жауынгер сынынан өткен 160 сарбаз Отан корғаушылармен теңқұқылы сапта бой түзеу үшін Отанға адал болуға, калтқысыз қызмет етуге, әскери өмірдің қиындыктары мен ауыртпалықтарына төтеп беруге салтанатты турде серт берді.

Халыққа, ел мен Президентіне, сондай-ақ, өзіне серт беру – тамыры тереңде жатқан ерекше жауынгерлік рәсім. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Қарулы Куштер қатарына енер алдында әскери ант қабылдауы тиіс. Осы бір маңызы зор Құқықтық және моральдық-саяси қадам әскери қызметтің мемлекеттік маңызын аңғартады.

Салтанатты рәсімге Әуе Қорғаныс Күштері Бас колбасшының кадрлар жұмысы жөніндегі көмекшісі – басқарма бастығы полковник Руслан Меримбаев, Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков, Ақмол ауылының әкімі Жанат Дүйсекеев, Целиноград ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы – полиция полковнигі Қанат Битаков, Целиноград ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Зейннола Аппазов, сол сияқты сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91