Түрік жігіті: Түркияға барған соң Қазақстаннан артық ел жоқ екеніне көзім жетті

Ол әскерге бару үшін Қазақстанға қайтып оралған

Sarbaz.kz редакторы
21/07/2023 - 20:14

Қазақстаннан артық ел жоқ, дейді түрік ұлтының өкілі, қатардағы жауынгер Ибрагим Сафаров. ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында көп ұлттың өкілі әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында туып-өскен Ибрагим қазақ мектебінде оқыған. Өзінің ана тілі - түрік тілін де жақсы біледі. Мектеп бітірген соң тарихи отаны Түркияға сапарлап барып, сол елде қалмақ болған. Анадолының бірнеше қаласында болған Ибрагим өзінің туып-өскен елін сағынып, әскери борышын өтеу үшін Қазақстанға қайтып оралғанын айтады.

«Мен Қазақстанда өмірге келіп, жергілікті қазақтармен бірге өстім. Тарихи отаным Түркияға барған соң мен үшін Қазақстаннан артық ел жоқ екеніне көзім жетті. Отан қорғау жолында аз да болсын үлесімді қосқым келіп, өз еркіммен әскерге баруды ұйғардым. Осылайша, Қазақстанға қайтып келдім. Әскер маған көп нәрсені үйретті. Жаңа достар таптым», - дейді сарбаз Сафаров Sarbaz.kz тілшісіне.

Айта кетсек, 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында 45 сарбаз әскери борышын өтеп жүр. Аталған дивизиондағы сарбаздардың бір күні туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91