Іс-шара соңында жас сарбаздар өнерлерін ортаға салды
Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 және 06708 бөлімдерінде 70 жас сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Өткізілген іс-шараға Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов, Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор Жалғасбек Айдынбеков, Приозерск қаласы ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілек Кенжебеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында Әскери ант қабылдау рәсімінің маңызы туралы Приозерск гарнизоны бастығы полковник Дидар Совельев өз атынан құттықтау сөзін жеткізді. Ары қарай Приозерск қаласының әкімі, Приозерск қаласы ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы жас сарбаздарды Әскери ант қабылдауымен құттықтап, Әскери ант Отан алдындағы борышты өтеу әрбір жастың бірден бір парызы екендігі жөнінде сөз қозғады.
Ал сарбаздар Әскери ант қабылдай отырып қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді.
Іс-шара соңында жас сарбаздардың дайындаған өнерлерін тамашалап, ата-аналарымен естелікке суретке түсті.