Жиын онлайн форматта өтті
Халықаралық әскери спорт кеңесінің Бас Ассамблеясы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Форум жұмысына ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов қатысты.
CISМ (Conseil International du Sport Militaire) жоғары заң шығарушы органы, Халықаралық әскери спорт кеңесінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы онлайн форматта өтті.
Брюссельден бейнеконференцияда CISМ Бас хатшысы Әскери-теңіз күштерінің капитаны Роберто Реккия сөз сөйледі.
Іс-шара шеңберінде CISM ережелеріне түзетулер енгізу, 2024 жылға арналған жарнаны анықтау және келер жылдың бюджеті бойынша ұсыныстар мен CISM-дің 2023 жылғы есептері талқыланды.