Қарағандыда әскерилер суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды

52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ерлігімен көзге түсті

Ұлас Үсенбай
21/07/2023 - 15:44

Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бөлімше командирі кіші сержант Темірлан Қайратұлы Малмаков пен ефрейтор Дмитрий Андреевич Канискин Қарағандының демалатын су орнында жүргенде, жартастан секіріп, аяғынан ашық сынық алып, суға бата бастаған шамамен 30 жастағы ер адамды құтқарды. 

Сол сәтте суға батып бара жатқан әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, оған да көмек көрсетті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91