24 ай мерзімге офицерлік құрамның лауазымдарына шақырылады
Қазақстанда запастағы 752 офицер келесі жылы әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында орналасқан Үкімет қаулысының жобасында айтылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Құжатқа сәйкес, қызметке жарамды және оны өтпеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге офицерлік құрамның лауазымдарына шақырылады.
Мақсаттар мен міндеттер бөлімінде 2024 жылы қызметке шақыру ҚР Қарулы Күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Ұлттық Ұланның запастағы офицерлерін жасақтау үшін өтетіні айтылған.
Олардың ішінде: