ЕҰУ әскери кафедрасының студенттері «Sarbaz.kz» әскери порталының редакциясында болды

Олар әскери журналистердің қалай жұмыс істейтінін және болашақта оларды қандай перспективалар күтіп тұрғанын білді

Sarbaz.kz редакторы
22/11/2023 - 23:04

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының бір топ студенті Қазақстанның және басқа да елдердің әскери тақырыптары мен қорғаныс саясатын қамтитын «Sarbaz.kz» интернет-порталының редакциясында болды. Бұл сапар «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу тәжірибесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Әскери ГИС Медиа» ЖШС директоры Тимур Кубеков студенттерге арнап экскурсия жүргізді. Студенттерге редакцияның қалай жұмыс істейтінін, ақпаратпен жұмыс істеу үшін қандай технологиялар мен бағдарламалар қолданылатынын, сайт пен әлеуметтік желілерде материалдарды дайындау және жариялау үдерісінің қалай жүретінін көрсетті. Студенттер редакция қызметкерлерімен де кездесті, олар әскери журналистиканың тәжірибесі мен ерекшеліктері туралы айтты.

Экскурсиядан кейін Тимур Кубеков «Әскери баспасөздің даму перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды. Әскери ақпарат саласындағы қазіргі жағдай мен болашақтағы даму үрдістері туралы өз пайымымен, талдауымен бөлісті. Ол сондай-ақ студенттердің кәсіби дағдыларға, этикаға, қауіпсіздікке және әскери журналистерінің карьералық мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Тимур Кубеков әскери журналистика жоғары кәсібилікті, отансүйгіштік пен қиын жағдайда жұмыс істеуге ынта-жігерді талап ететін маңызды әрі жауапты қызмет саласы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ газеттер ешқашан өзектілігін жоғалтпайтынын, өйткені олар Қарулы Күштер жайлы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен ардагерлердің өмірі мен тұрмысы туралы шынайы және объективті ақпарат көзі болып табылатынын атап өтті.

Студенттер Тимур Кубековке қызықты және танымдық дәрісі үшін, сондай-ақ сұрақтар қойып, құнды кеңестер алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Студенттер мұндай кездесулер олардың болашақ мамандығын жақсы түсінуге көмектесетінін және оларды әрі қарай оқуға және жетілдіруге ынталандыратынын атап өтті.

Дидар Серіков,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41