Жеке құрамға бірқатар тапсырма берді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ыбыраев Приозерск гарнизонына қарасты 06708, 18405, 44841, 60601 әскери бөлімдеріне барды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Басты мақсат әскери қызметшілердің тыныс-тіршілгін өз көзімен көру болатын.
Алдымен гарнизонда салынған екі модульдік үй-жайлардың жай жапсарымен және отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті. Сапар барысында әскери техникалардың, қару-жарақтардың техникалық қызмет көрсету мен әскери қызметшілердің асханасына ерекше назар аударуын және жеке құрамға бірқатар тапсырма берді.
Жұмыс барысының соңынды «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ыбыраев Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметовпен кездесіп, салаға қатысты біраз мәселені талқылады.