Бағдат Мусин: Студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады

Сондай-ақ, ол цифрлық сервистердің түрлері жайлы айтты

Sarbaz.kz редакторы
21/11/2023 - 18:30

фото: kstnews.kz

фото: kstnews.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қандай қызметтер автоматтандырылғанын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын. Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады», - деді Мусин.

Сондай-ақ, ол цифрлық сервистердің түрлері жайлы айтты.

«Олар былтыр енгізілсе де халықтың үлкен сұранысына ие болып кетті. Әділет министрлігімен сенімхаттардың (доверенность) 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Бұл жұмыс жалғасуда», - дейді министр.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91