Талдықорғанда әскери полиция қызметкері қарт әйелді өрттен аман алып шықты

17 қарашада Талдықорған қаласының Өтенай шағын ауданындағы Ыбыраймолдаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Админ
19/11/2023 - 20:32

gov.kz

gov.kz

Сол күні демалыста жүрген Жетісу гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ерлік Қанашев көрші үйде қонақта болатын, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жанұшыра айқайлаған дауыстарды естіген ол сыртқа шығып, еш ойланбастан жанып жатқан үйге жүгіріп барып, өздігінен қозғала алмайтын қарт әйелді қауіпсіз жерге алып шығарады. Содан кейін тыныс алу жолдарын күртемен жауып, ас үйге оралды. Ол жерден 25 литрлік газ баллонын сыртқа алып шығарып, қауіпсіз жерге қояды. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келді.

Әскери қызметшінің шешуші әрекетінің арқасында қарт кісі құтқарылып, жарылыстың алды алынды.

Ерлік Қанашевтің бұл ерлігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қала тұрғындары, туыстары мен көршілері әскери қызметшіге батылдығы үшін алғыс білдіру үстінде.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07