Көрмеге 1,4 мыңнан астам аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары өз өнімдерін шығарды
Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосановтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Dubai Airshow-2023 халықаралық көрмесінде болып қайтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Биылғы жылы Дубай халықаралық әуежайының алаңдарына әлемнің 95 елінен 1,4 мыңнан астам аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары өз өнімдерін шығарды.
Сапар барысында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов Біріккен Араб Әмірліктері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ибрагим Насер Мұхаммед әл-Алавимен кездесті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.
Көрме аясында қазақстандық делегация Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты.