Әскери резервтегі адам әскери міндетті ме, әлде әскери қызметші болып санала ма?

Руслан Жақсылықов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутаттардың сауалдарына жауап берді

Нұрдәулет Кәкіш
15/11/2023 - 16:57

Әскери резервтегі адам әскери міндетті ме, әлде әскери қызметші болып санала ма? Екеуінің айырмашылығы неде? ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутаттардың жаңа заңға қатысты сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің сұрағына ҚР Қорғаныс министрі былай деп жауап берді:

«Біз әскери резервтегі адамға қатысты заңды алғаш рет енгізіп отырғандықтан, бұл ретте терминологияны дөп басып айту өте қиын. Бірақ бұл жөнінде нақты түсінік болуы керек. Жалпы, әскери міндетті дегеніміз кім? Әскери міндетті дегеніміз – ол белгілі бір жасқа дейінгі Қазақстанның кез келген азаматы. Мерзімді әскер қатарындағы сарбаздар жасы 50-ге дейін болса, офицерлердің жасы 60-қа дейін болып саналады. Оның айырмашылығы туралы айтар болсақ, әскери резервтегі адам – Қарулы күштермен контракт жасасып, резервте болуға қол қойған Қазақстан азаматы. Яғни оған әскери резервтегі адам ретінде заңға сәйкес, өзіндік жауапкершілік жүктеледі».

Сонымен қатар министр әскери резервте тұрған мамандар ең төменгі жалақымен қамтамасыз етілетінін тілге тиек етті.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91