Әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу рәсімі өтті
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 бөлімінде әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу рәсімі өтті. Жиын барысында озат үш жауынгерге ЖОО-ға түсу сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Салтанатты іс-шарада Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жеке құрамға салтанатты түрде алғыс хат, спортшы жауынгер, төс белгі, сол сияқты ефрейтор атақтары табыс етілді. Сондай-ақ озат үш жауынгерге – ефрейтор Руслан Жұмабаевқа, ефрейтор Әділет Сағымбекке, ефрейтор Александр Красюковке жоғары оқу орнынына түсу сертификаттары табыс етілді.
Іс-шара барысында 44841 әскери бөлімнің штаб бастығы – командир орынбасары, подполковник Мақсат Сәрсенов запасқа шығатын әскери қызметшілердің нағыз ер азамат ретінде адалдық танытқанына өзінің шексіз ризашылығын білдіріп, болашақта өздері таңдаған мамандығы бойынша қызметін жалғастыруына болатынын құттықтау сөзінде айтты.
Құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында Қақазастан Республикасының Қорғаныс министрлігінің азаматтық персоналы Мастура Мырзахметова, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Приозерск гарнизоны ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілек Кенжебеков және запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі жеке құрамы атынан ефрейтор Алтынбек Дауылбаев болды.