«Сені сағынып жүрмін»: әскерде жүрген сарбаз сүйіктісіне хат жолдады

Әскердегі сарбаздың сезімге толы хаты

Нұрдәулет Кәкіш
14/11/2023 - 15:58

Sarbaz.kz оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімі 1-атқыштар ротасы 1-взвод 3-бөлімше сарбазы (атқыш) қатардағы жауынгер Оканов Рыздық Оразбекұлының сүйіктісіне жазған хатын ұсынады.

Аяулымға хат!

Сәлем, қалың қалай? Менде бәрі жақсы. Жақында әскерге келгенімізге 6 ай болады. Содан бізден кейінгі шақырылушылар келеді. Сабағың қалай? Көп ұзамай әскерден ораламын. Жақсылап атап өтеміз, қыдырамыз.

Жаңа жылды алғаш рет жаңа достарыммен және «полчандарыммен» бірге қарсы аламын.

Ата-анаңның қалы қалай? Келесі аптада сыртқа шығамын. Бір-бірімізге уәде еткендей, кездесуімізді күтемін. Сені сағынып жүрмін. Түнде екеуміздің көңілді сәттерімізді еске түсіремін. Алда айтатын әңгімелер көп.

Махаббатпен, сарбаз мотрос!

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91