Әскерден хат: «Қарулас достарымды қимаймын»

Қатардағы жауынгер Сейтжан Темірлан Азатжанұлының отбасына жазған хаты

Нұрдәулет Кәкіш
13/11/2023 - 21:26

Sarbaz.kz оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының сарбазы, (атқыш) қатардағы жауынгер Сейітжан Темірлан Азатжанұлының отбасына жазған хатын ұсынады.

Сәлем хат!

Менің қадірлі отбасым! Қалдарыңыз қалай? Үй-жай, туыс-туған, көршілеріміздің жағдайы қалай? Жұмыстарыңыз сәтімен жүріп жатыр ма? Менің жағдайым жақсы. Отан алдында борышымды өтеп, бұйыртса бір аптадан кейін үйге қайтқалы отырмын.

Әскерде жүріп, көп нәрсенің қадірін түсіндім. Жақсы жаққа өзгердім. Бізге бір жыл бойы нағыз ер мінезділік пен батылдыққа үйреткен ротамыздың офицерлері мен сержанттарына алғысым шексіз. Бірге қару асынып, бір қатарда бірге адым басып, бір нанды бөлісіп жеген жолдастарым қазір маған ең жақын адамдарыма айналды.

Қарулас достарымды қалай қиып кетерімді білмеймін?! Алда өзім қалаған жоғары оқу орнына түсіп, қалаған маман иесі болуды жоспарлап жүрмін. Қалғанын үйге барғаннан кейін айтармын.

Батыр ұлдарыңыз Темірлан!

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91