Елімізде сарбаздар 3500 метрден парашютпен секіріп жаттықты

Әуе базасының әскери қызметшілері парашютпен секіру техникасын пысықтады

Ұлас Үсенбай
19/07/2023 - 22:16

Балқаштағы авиациялық базада әуе-десанттық дайындығы бойынша практикалық сабақтар өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған ұшу құрамы мен парашюттік десанттық қызметінің іздестіру-құтқару мамандары қатысты. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, бес күн ішінде 30-дан аса әскери қызметші 240 рет секіруді орындады.

Аталмыш шара ұшу құрамының парашютпен дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. Әскери қызметшілер төтенше жағдайда экипаждың барлық мүшесінің іс-қимылын және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтады.

«Практикалық сабақтардың алдында міндетті түрде жерде дайындық жүргізілді. Парашютшілер теориялық тұрғыдан орын алуы мүмкін күтпеген жағдайлар мен секіру техникасын қарастырды.

Айта кетерлік жайт, 240 секірудің 53-і суға жасалған. Сондықтан сабаққа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптардың бірі жақсы жүзе білу. Сол себепті әскери қызметшілер секіруден бұрын жүзу нормативтерін тапсырды. Секіруге рұқсат алғаннан кейін олар медициналық тексеруден өтіп, парашютпен секіру әр түрлі биіктікте орындалды. Нұсқаушылар оларды әр маманның дайындық деңгейіне қарай жеке анықтады. Олар бағындырған биіктік деңгейі 400-ден 3500 метрге дейінгі аралықта болды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07