40 күндік әскери даярлықтан өту: қойылатын талаптар

Ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-27 жас аралығындағы азаматтар, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады

Админ
08/06/2023 - 22:53

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Түрлі себептерге байланысты әскерге бара алмай қалған азаматтар 1 жылдың бағдарламасын 40 күнде үйрететін әскери техникалық мектептен дайындықтан өтіп, әскери билет ала алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Негізгі мақсат – Қазақстан қарулы күштеріне әскери техникалық мамандар дайындау. Ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-27 жас аралығындағы азаматтар, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады. Оқу мерзімі 40-42 күн немесе 280 сағаттан тұрады.

40 күндік әскерге қабылдау ережелері:

  • 2017 жылдың 15 маусымындағы өзгертулер бойынша азаматтың жас мөлшері 24-27 жас аралығында болуы керек;
  • егер осы талапқа сай келсеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша қорғаныс істер бөліміне арыз жазасыз;
  • медициналық комиссиясың тексерісінен өтуге міндеттісіз;
  • 263 318 теңге мемлекеттік ақы төленуі шарт.
  • 40 күндік әскердің артықшылығы қандай?
  • 10 ай 20 күнді үнемдейсіз;

егер отбасылы болсаңыз, 18:00-06:30 аралығында, аптаның барлық күнінде үйіңізге барып-қайтуыңызға мүмкіндік бар;

1 жылдық әскердің тексеріс комиссиясынан денсаулығыңызға байланысты өте алмай қалсаңыз, 40 күндік әскери даярлыққа келе аласыз. Мұндағы медициналық комиссияның тексеріс талаптары жеңілдетілген.

  • 40 күн ішінде жауынгер не үйренеді?
  • әскери өмірмен танысады;
  • казармалық тәртіпке үйренеді;
  • бекітілген уақыт аралығында 2 рет сынақ алаңында ату жаттығу жұмысынан өтеді;
  • күнделікті әскери сабақ, дәріс тыңдайды;
  • тактикалық, саптық, оқ ату тәжірибесінен өтеді.
×

Редакция

$ 477.03  521.44  5.43