Шымкентте әскери басқару органдарының жауынгерлік дайындығы тексеруден өтті

Олар нормативтік-құқықтық актілер бойынша өз білімдерін көрсетті

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 16:31

Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері 2023 оқу жылының қорытынды тексеруінен өтті. Тексеруге қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен біріктірілген басқармаларының барлық әскери қызметшілері жұмылдырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қорытынды өткізу барысында әрбір әскери қызметші негізгі әскери пәндер бойынша сынақтарды тапсыру арқылы өзінің кәсібилігін дәлелдейді. Осылайша олар өзінің теориялық және практикалық дайындық деңгейін көрсетеді.

Қорытынды тексеру жеке құрамды саптық тексеруден басталды. Бұл жауынгерлер мен әскери ұжымдардың жауынгерлік дайындығын көрсету, әскери жинақылығын, киім-кешекке ұқыптылығын, сондай-ақ саптық дайындық деңгейін тексеру мақсатында өткізілетін ерекше рәсімі болып табылады.

Жауынгерлік дайындығын тексергеннен кейін әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық, жұмылдыру дайындығы, жалпыәскери жарғылар және олардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша өз білімдерін көрсетті.

Сондай-ақ олар дене шынықтыру және атыс дайындығы бойынша сынақтардан өтті, оның барысында АК-74 пен Макаров тапаншасынан практикалық оқ атуды орындады, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша сынақ жаттығуларын тапсырды. Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері нормативтердің орындалуына жауапкершілікпен қарап және практикалық сабақтар бойынша сынақтарды сәтті тапсыру үшін бар күш-жігерін салды.

«Қорытынды тексеру – бұл бүкіл оқу жылына емтихан. Әскери қызметші атқаратын лауазымы мен атағына қарамастан, Заңнама білімін мінсіз меңгеруі, дене бітімінің жақсы болуы, қаруды дұрыс ұстай білуі және оны дұрыс атуы тиіс. Қорытынды тексеру барысында алынған бағалар бүкіл оқу процесінің сапасын көрсетеді», - деп атап өтті Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Қорытынды тексеру нәтижелері жергілікті әскери басқару органдарының әрбір әскери қызметшісінің жұмылдыру дайындығы мен біліктілігін, және жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын толық көлемде бағалауға мүмкіндік берді.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91