Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты «ЕСКЕРТПЕ ПАРАҚТАРЫ» таратылып, әрбір әскери қызметшімен жеке сұхбат өткізді
Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Приозерск гарнизонында профилактикалық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе офицерінің ЛУА аға сержант Д.Әшімханов, 2023 жылдың қазан айында Приозерск гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің «Барлық санаттағы әскери қызметшілердің арасында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» ҚР ӘҚБтК-нің талаптары жеткізіліп, рейдттік іс-шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты «ЕСКЕРТПЕ ПАРАҚТАРЫ» таратылып, әрбір әскери қызметшімен жеке сұхбат өткізді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің түрлерін айтып жеткізді. Сол сияқты барлық санаттағы әскери қызметшілерді тәртіпке және құқық бұзушылықпен бірге күресуге шақырды.